Әбжанов Шахан Әбділдаұлы

  1904 жылы сәуір айында Баянауыл  ауданы, Көкдөмбақ ауылы, Желтау қонысында дүниеге келген. 1941 жылы ел басына қауіп төнген кезде Отанын қорғауға аттанады. Сол кеткеннен 1946 жылы елге оралып анамыз Майтап Шарапиденқызымен шаңырақ көтеріп, 9 бала тәрбиелеп өсіреді. Партия қатарына өтіп, әртүрлі жұмыстар атқарады. 1995 жылы наурыз айының 25-де дүниеден өтті. Орден, медальдармен марапатталған. Төмендегідей жеңістің 20 жылдығына, 30 жылдығына, 40 жылдығына, СССР-дің Қарулы күштеріне 60 жыл, 1941-1945 жылдардағы  Ұлы Отан Слғысында «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.