Әбиев Қаныкен

1919 жылы туған,Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. (Полк мектебі) 39-шы тау атқыштар дивизиясының 165-ші тау атты әскери полкі, атқыш.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың қаңтарында шақырылған. 1942 қаңтарынан 1946 жылдың маусымына дейін Ирандағы Кеңес әскерлерінің құрамында қызмет еткен.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы «Заготзерно» пункітінде лаборант, Баянауыл ауданы Қызыл шілік ауылдық кеңесінде хатшы, Баянауыл ауданы Қызыл шілік ауылдық кеңесі оқу отауының меңгерушісі, Баянауыл ауданы Қаратал ауылдық кеңесі ауыл кітапханасының меңгерушісі, Баянауыл ауданы «Заря» ұжымшары бастауыш партұйымының хатшысы, Баянауыл ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі, КСРО СБО Баянауыл ауданы инспектурасын даярлау жөніндегі инспекторы, Баянауыл ауданы «Баянауыл» кеңшары №2 бөлімшенің цехтық партұйымының хатшысы, Баянауыл ауданы. «Жосалы» кеңшарының бастауыш партұйымының босатылған хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аукомы нұсқаушысы, өндіріс және ауылшаруашылығы өнімдерін Баянауыл ауданы кеңшарлық басқармасының партия ұмысы жөніндегі нұсқаушы, Баянауыл ауданы ауылдық өндірістік парткомының нұсқаушы партұйымдастырушысы болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».