Әбікенов Рашит

1923 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1978 жылдың 5 қырқүйегінде қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз ауданы Төртқұдық кенті.

Атағы. Гвардия қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың мамырында шақырылған. 64-ші атқыштар корпусы 985-ші жеке байланыс батальонының (Далалық, 2-ші, 3-ші Украин майдандары) хабарламаларды жинау пункітінің шабарманы ретінде соғысқан. Болгарияны, Польшаны, Румынияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1947 жылдан кеш емес мезгілде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Құрылысшы, құрылыс цехының басшысы (Павлодар облысы Екібастұз ауданы Төртқұдық кенті) болып істеген.

Марапаттары: медальдар: «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».