Әбілдаұлы Әбіш

 1905 жылы наурыз айында Баянауылда (Ақбеттау болысы) дүниеге келген.

1912-14 жылдары Баянауылдағы татар молдасы Киргирім және Бақытай Жуанышбаевтан оқып, хат таныған. Соғыс сұрапылы  жеткенде , қолына қару алып, Отанын қорғауға аттанды.

1942 жылдың жазында І және ІІ Беларусь майдандарында жауға қарсы шайқасты. Екі рет жарақаттанған, госпитальде тиісті ем қабылдаған соң , қайтадан майдан шебіне шығады.

Ұрыс даласында оқ-жалынның астында жүріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Осынау соғыстағы өшпес қайсарлықты көрсеткен жауынгер «Даңқ» орденімен , ІІІ дәрежелі  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Алапат шайқастардың бірінде ауыр жарақат алып, еліне 1944 жылы оралады. Туған еліне оралған соң, бейбіт өмірде еңбекке араласып, іскерлігімен танылады. 1946 жылдың аяғында Кереку уезінің байланыс бөліміне жұмысқа тұрады. Баянауылдан 25-30 шақырым жерге хат-хабар таратумен айналысады.

1959 жылдың 5-мамырында «Лекер» мал жинау пунктіне көшіп келеді. Осы кезден бастап, Әбіш  Әбілдаұлы ауыл шаруашылығы саласына ден қояды. 1959 жылдан 1974 жылға дейін мал бағу кәсібімен шұғылданады.1974 жылы 2-ші маусымда дүние салды.