Әбілев Дихан

1907 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2003 жылы қайтыс болған, Алматы қ.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылдың қарашасынан бастап майданда. 1-ші Балтықбойы майданының «Вперед, на врага» майдан газетінің редакциясы құрамында қазақ тіліндегі тілші ұйымдастырушы ретінде соғысқан. Жапониямен соғысқа қатысқан.

Еңбек жолы. Жазушы, ақын, аудармашы, журналист. Қазақ КСР Халық жазушысы.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени, Красной Звезды, Трудового Красного Знамени, Дружбы народов, «Знак Почета» (екеу), «Парасат».