Әбілқасов Махмет

1926 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы;

Әскери мамандығы. Атқыш. Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1944 жылдың сәуірінде шақырылған. (2-ші) Белорус майданының әскерлері құрамында соғысқан. Эльбадағы шайқастарға, Кенигсбергті, берлинді алуға қатысқан. 1945 жылдың мамыр айынан ерте емес мезгілде әскерден қайтарылған.

Еңбеки жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы осалы ауылдық кеңесінің хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медаль «За отвагу», «За взятие Кенигсберга», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».