Әбішев Кәкім Айдапкелұлы (Николай Михайлович)

1921 жылы 5 маусымда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2000 жылғы 25 наурызда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Куйичирчик ауданы Дустабат қаласында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Артиллерист. Атағы. Аға лейтенант.

Әскери жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың маусымында (Шілдесінде) шақырылған. Сталинград түбіндегі шайқасқа, Украинаны, Венгрияны, Польшаны, Румынияны азат етуге қатысқан. Жапониямен соғысқа қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Жамбыл атындағы №9 қазақ мектебінің мұғалімі, директоры болып жұмыс істеген (Өзбек КСР, Ташкент облысы, Куйичирчик ауданы, Солдатское ауылы).

Марапаттары. Орден Отечественной войны (дәрежесі көрсетілмеген); медальдар «За отвагу», «За оборону Сталинграда», «Еңбек ардагері»; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елу жыл».