Волков Фёдор Яковлевич

1916 жылы туған, Ресей  Федерациясы Псков облысы Великолукск ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың қаңтарында шақырылған. КСРО ІІХК әскері темір жолды қорғау жәніндегі 57-ші, 77-ші полктер құрамында саяси жетекшінің орынбасары ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. КСРО ІІМ органдарында, Павлодар облыстық қоныс аудару бөлімінде инспектор, Баянауыл ауданы бойынша қоныс аудару және жұмыскерлерді ұйымдасқан түрде жинау бөлімінің өкілі, №2 автобазада кадрлар бөлімінің меңгерушісі, Баянауыл ауданы азаматтық қорғаныс штабының басшысы болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медаль «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».