Выдрин Григорий Матвеевич

1907 жылы туған, Павлодар облысы Тереңкөл ауданының тумасы.                   

Әскери мамандығы. Байланысшы

Атағы. Гвардиялық старшина

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы шілдеде шақырылған. 314-ші атқыштар дивизиясының 1078-ші атқыштар полкінің байланыс ротасының құрамында бөлімше командирі ретінде; 291-ші атқыштар дивизиясының 181-ші атқыштар полкінің құрамында байланыс взводының бөлімше командирі ретінде; 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 64-ші гвардиялық атқыштар полкінің (Волховский, 3-ші Балтық майдандары) байланыс ротасының құрамында телефоншы ретінде шайқасты. Ленинград қаласының қоршауының бұзылуына, Псков (РСФСР) қаласың азат етуге, Латвияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында тұрған.

Марапаттары. «Отечественной войны І степени» ордені; «За отвагу», «За боевые заслуги» (екі), «За оборону Ленинграда» медальдары.