Досанов Сармантай

1913 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. Оңтүстік-Батыс майданның әскерлері құрамында атты әскер полкінің байланысшысы, кеңсе хатшысы ретінде соғысқан. 1942 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Куйбышев ауданы «Екібастұз» кеңшарының саяси бөлімінде басшы орынбасары, Қазақстан КП (б) Куйбышев аукомында штаттық насихатшы, Куйбышев ауданы «Ақкөл» кеңшарының бастауыш пеартия ұйымында хатшы, Каганович ауданы «Потанин» кеңшарының бастауыш партия ұйымында  хатшы, Павлодар ауданы «Чернорецк» кеңшарының партия ұйымында (Павлодар облысы) хатшы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945  гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».