Есжанов Көшер

1905 жылы Баянауыл ауданына қарасты Жаңатлек ауылдық округінде өмірге келген.

Сұрапыл жылдардың алғашқы күндерінен еңбек армиясында ауыр жұмыстарды атқарады. 1942 жылы атты әскер сапында кескілескен ұрыстарға қатысады. 1944 жылы жарақатына байланысты туған жеріне қайтарылады. Майданда танытқан ерліктері үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Бейбіт кезеңде де адал еңбегімен көзге түседі.Бірнеше жылдар бойы қойма меңгерушісі болып қызмет жасады. Мал шаруашылығында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.