Есмағамбетов Сапарбек Күзембайұлы

1924 жылы 27 қырқүйекте туған, Павлодар облысы Баянауыл  ауданының тумасы;1998 жылы 20 қырқүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде қайтыс болған.

Әскери білімі, мамандығы. Ташкент әскери-жаяу әскер училищесінің жеделдетілген курсы, пулеметші.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖҚША-ға 1942 жылы жазда шақырылған.346-ші атқыштар  дивизиясы құрамында шайқасқан. Украинаны азат етуге қатысқан.1944 жылы жарақаты бойынша әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл №19 автобазасында диспетчер болып істеген.(Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. «Отечественной войны І степени» ордені; «Ветеран труда» медалі; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерейтойлық медальдары.