Есмұханов Төлеухан

1924 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2001 жылдың 26 қаңтарында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік а.

Әскери білімі, мамандығы. 33-ші жеке оқу танкі полкі (1944) өздігінен жүретін қондырғылар командирі.

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың наурызында шақырылған. 310-шы атқыштар полкі құрамында нысаншы; 337-ші гвардиялық өздігінен жүретін ауыр артиллерия полкі 2-ші батареясының зеңбірек командирі ретінде соғысқан. Кенигсбергті шабуылдауға, Земландск түбегіндегі (Шығыс Пруссия) жау топтарын жоюға қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының «Александровский» «Бірлік» кеңшарында ветеринар техник болып істеген.

Марапаттары. Орден. Отечественной войны I степени; медальдар:  «За отвагу», «За взятие Кенигсберга», «Еңбек ардагері»,  «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»: мерейтойлық медальдар: «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елу жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «1941-1945 жж. соғыс ардагері».