Жапаров Шахан Мақашұлы

1924 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатлек а. тумасы; 1994 жылы қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың тамызында шақырылған. 97-ші атқыштар дивизиясының 233-ші атқыштар полкі құрамында атқыштар взводының командирі ретінде соғысқан. 1944 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. РКФСР Новосибирск облысы Карасуық ауданының мектептерінде мұғалім, Павлодар облысы Баянауыл, Куйбышев аудандарының мектептерінде мұғалім болып істеген.

Марапаттары. Орден. Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдер.