Жапаров Ғайныш

1912 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы;

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың маусымында шақырылған. 102-ші атқыштар полкі құрамында атқыш; 202-ші атқыштарполкі құрамында бөлімше командирі ретінде соғысқан. 1946 жылдың қаңтарында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық біріккен қазақ-орыс драма театрында режиссер (Павлодар қ.) ұжымдар-кеңшар театрында режисер (Талдықорған  облысы Ақсу ауданы Ақсу а.), кәсіби-техникалық мектепте директордың көмекшісі, (Семей қ.) клуб меңгерушісі, Лебяже аудандық мәдени-ағарту жұмыстары бөлімінде меңгеруші, «Бесқарағай» асыл тұқымды мал шаруашылығында есепші-кассир болып істеген (Павлодар облысы Лебяже ауданы).

Марапаттары. Медаль: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».