Жапашев Назымбек

1918 жылдың 12 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. Орта Азия әскери округінің еделдетілген кіші лейтенанттар курстары (Өзбек КСР Ташкент қ. 1942), атыс взводының командирі.

Атағы. Гвардия кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 20 қазанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына Иранда ЖШҚА әскерлерінің тобы құрамында; Солтүстік-Батыс майданның 34-ші армиясы 1-ші гвардиялық әуе-десанттық дивизиясының 13-ші гвардиялық әуе-десанттық полкі құрамында жеке танкіге қарсы жойғыш батареяның командирі ретінде қатысқан. Ленинград облысы (РКФСР) аумағындағы шайқастарға қатысқан.

Еңбек жолы. «Сельхозмука» диірменінде меңгеруші, «Новая жизнь» ұжымшарында есепші, «Калинин» кеңшарында директордың орынбасары, жұмысшылар комитетінде төраға, 25 лет Октября ат. кеңшардың бөлімшесінде (Павлодар обысы Куйбышев ауданы) басқарушы, «Калинин» кеңшарында директордың орынбасары, ұмысшылар комитетінде төраға, Куйбышев ат. кеңшардың бастауыш партия ұйымында (Павлодар облысы Ермак ауданы) хатшы, Павлодар облысы Краснокутск ауданы 25 лет Октября ат. кеңшардың бастауыш партия ұйымында хатшы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовую доблесть», «За трудовое отличие»; «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.