1925 жылдың 20 қарашасында туған, Павлодар облысы Успен ауданының тумасы; 1991 жылдың 30 қаңтарында қайтыс болған.
Атағы. Ефрейтор.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған.
105-ші артиллериялық полкі құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1948 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Баянауыл пошта трактісі пошта станциясында басшы, Екібастұз пошта байланыс бөлімшесінде пошташы, (Павлодар облысы Екібастұз қ) Екібастұз арнайы байланыс пункітінде 2-ші дәрежелі фельдъегер болып істеген, Екібастұз ет комбинатында (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) Майқайың кентінде, «Бірлік» кеңшарында жұмыс істеген.
Марапаттары. Медальдар. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией»; мерейтойлық медальдер «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».