Жақыманов Жұмабек

1922 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 25 қарашасында шақырылған. 880-ші атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде (2-ші Украина майданы) соғысқан. Днепр үшін шайқасқа қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Жайма» кеңшарында аға жылқышы болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Орден. Отечественной войны II степени; медальдар: За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдер «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі.