Жигалов Михаил Иванович

1921 жылы 1 қазанда туған. Ресей Федерациясы Новосибирск облысының тумасы; 1985 жылдың 13 ақпанында қайтыс болған. Павлодар қ.

Әскери білімі. 2-ші Омск әскер-жаяу әскер училищесі.

Атағы. Капитан.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 ылдың 22 шілдесінде шақырылған. 492-ші армиялық миномет полкі құрамында миномет взводының командирі, миномет ротасының командирі, аға адъютант, миномет батареясының, дивизионының командирі; 163-ші атқыштардивизиясының 529-шы атқыштар полкі құрамында (Воронеж, Солтүстік-Батыс, 1-ші, 2-ші Украин майдандары) 82-мм минометтерінің миномет ротасы командирі, 120-мм минометтері батареясының командирі ретінде соғысқан.1946 жылдың 17 сәуірінде жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Октябрь МТС трактор бригадасында есепші, автобазада үргізуші, аңшылар мен балықшылар қоғамында (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) қорықшы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Красного Знамени, Красной Звезды; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдер «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».