Жұбаев Әбдірахман (Абдурахман)

1900 (1901) жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1983 жылы қайтыс болған.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы шақырылған. 48-ші атқыштар полкі құрамында атқыш, пулеметші; 90-шы атқыштар дивизиясының 173-ші атқыштар полкі құрамында пулеметші; 9-шы бекені ауданында 72-ші жеке пулеметтік-артиллериялық батальон құрамында зеңбірекші ретінде соғысқан (Ленинград майданы). Ленинград қ. қорғауға қатысқан (РКФСР).

Еңбек жолы. Шахтер болып істеген (жұмыс орны көрсетілмеген).

Марапаттары. Орден Славы III степени; медальдар «За боевые заслуги» (екеу), «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».