Жұматов Кісентай

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1943 жылы соғыстан оралды. Бірінші Украина фронтында болған. Қатардағы жауынгер. 1947-1949 жылдары аралығында Қызыл әскер колхозының председателі. 1952 жылдан бастап 1960 жылға дейін Алексеевка совхозының №2 бөлімшесінің (Егіндыбұлақ)қой шаруашылығы фермасының менгерушісі кызметін атқарды. Көп жылдар бойы елге адал еңбек етіп, 1960 жылы зейнетке шықты. 1992 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары. Орден. Отечественной войны II степени, «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», КСРО «Қарулы Куштерне 50,60 жыл» медальдарымен марапаталған.