Ивашев (Ивашов) Шайқы Ибашұлы

1906 жылы туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 1987 жылы қайтыс болған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Алексеевка.

Әскери мамандығы. Станокты пулеметші.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 15 наурызында шақырылған. Ленинград майданының 282-ші атқыштар дивизиясы 874-ші атқыштар полкі құрамында соғысқан. 1943 жылдың 4 тамызында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Бірлік  ауылдық тұтынушылар қоғамының басшысы, «Алексеевка» кеншары парткомының хатшысы, Алексеевка. орталық қоймасының (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) меңгерушісі болып істеген.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі.