Иманбаев Уәли

1920 жылдың 2 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ а. тумасы; 1976 жылдың 28 шілдесінде қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың сәуірінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына Москва әуеге қарсы қорғаныс жеке армиясының 4-ші, 33-ші зениттік-прожекторлық полктері құрамында қатысқан. Москваны қорғауға қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Ленин ат. ұжымшардың хатшысы, бухгалтерінің көмекшісі, Ленин, Доблин ауылдық кеңестерінің хатшысы, Қызыл қоғам, Шақшан ауылдық кеңестерінің (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) төрағасы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медаль: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».