Иманғазинов (Иманғазин) Баймұхан

1902 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1995 жылдың 1 қаңтарында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз ауданы Төрт құдықта.

Әскери мамандығы. Пулеметші.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың тамызында шақырылған. 44-ші, 568-ші атқыштар полктері құрамында пулеметтік бөлімше командирі ретінде соғысқан. Курск доғасындағы шайқастарға, Белоруссияны, Польшаны, Чехословакияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» комбинатының Төрт құдық кеніші тау-байыту фабрикасының шебері болып істеген.

Марапаттары. Орден: Славы III степени; медальдар: «За отвагу», «За взятие Берлина», «За освобождение Праги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», мерейтойлық медальдары: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».