Исабаев Қалмұқан

1925 жылдың 25 тамызында туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 21 қаңтарында шақырылған. 2-ші Украин майданының 40-шы армиясы 133-ші атқыштар дивизиясы 418-ші атқыштар полкінің 5-ші атқыштар ротасы құрамында атқыштар взводының командирі ретінде соғысқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1954 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Социалистік Қазақстан» республикалық газетінің редакциясында (Алматы қ.) жұмыс істеген. Жазушы, журналист. Павлодар облысының құрметті азаматы.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени; Красной Звезды, Трудового Красного знамени, «Құрмет»; медальдар «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», мерейтойлық медальдар «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл».