Каликов Борпақ

Павлодар облысы Баянауыл ауданы №3 ауылында туған.

1942 жылдың қазан айында Баянауыл аудандық комиссариаты арқылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысып, 1942 жылдың қазан айынан 1945 жылға дейін 8285 әскери бөлімінде автокөлік жүргізушісі болған. 1945 жылдың 25 қыркүйек айында әскер қатарынан шығарылады да елге Баянауылға оралады.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947 жылдан бастап аудандық өндіріс кооперативінде Павлодар қаласынан жүк тасымалдау қызметін атқарды. 1976  жылы дүниеден озды.

Марапаттары. Мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».