Каримов Губаш

1914 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Гвардия сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың қаңтар айында шақырылды. 220-кавалерия полкінің құрамында бөлімше командирі ретінде; 5-ші гвардиялық кавалерия корпусы штабының 1-ші комендаттық  эскадрондық атбегісі ретінде соғысты. Корсунь-Шевченков операциясына қатысты. 1945 жылы әскерден босатылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында тұрған.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За боевые заслуги», «За оборону Кавказа» медальдары.