Катетов Қинаят Әбілдаұлы

1925 жылдың 20 желтоқсанында туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 1983 жылдың 1 қаңтарында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кен.

Әскери білімі. Кіші командирлер мектебі, артиллериялық зеңбірек командирі.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. 36-шы мотоатқыштар дивизиясының 149-шы мотоатқыштар полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан. Жапониямен соғысқа қатысқан. 1950 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы «Майқайыңалтын» комбинатының «Жосалы» кенішінде концентраттарды жөнелту жөніндегі бригадир, учаскелік уәкіл, жедел уәкіл, тергеу ісінің жедел уәкілі, IIМ органдарында (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) тергеуші болып істеген.

Марапаттары. «За победу над Японией», «Японыг ялсны төлөө» (Монголия), «Еңбек ардагері» (екеу), «За безупречную службу» I степени,  «За безупречную службу» II степени,  «За безупречную службу» III степени,  мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Отличник милиции».