Кенесарин Ақшиман Кенжебайұлы

1926 жылдың 20 қазанында туған, Павлодар облысы  Баянауыл ауданының тумасы; 1984 жылы қайтыс болған.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 19 шілдесінде шақырылған. «Киров» крейсері экипажы құрамында (Балтық майданы) соғысқан. 1949 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. КСРО Мемлекеттік банкі Баянауыл аудандық бөлімшесінде уәкіл, «Жосалы» кеңшарында бас бухгалтердің орынбасары, «Целинсельхозтехника» аудандық (бөлімшесінде) (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) бас бухгалтер болып істеген.

Марапаттары. Медальдар «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медалі  «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».