Кирмандаев Бейсенбек

1912 жылы Ерементау ауданы, Сарықамыс совхозында дүниеге келген.

Туған жеріндегі сегізжылдық мектебін бітірген соң, бес жыл Сарықамыс совхозыныда наубайшы болып жұмыс істеген.

1936 жылдан бастап Майқайың кентінің бір мекемесінде дүкенші қызметін атқарды. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, 9 ротаның 3 – ші батальонында атқыш болды.1942 жылы тамыз айында қатты жараланып, 1944 жылдың шілдесіне дейін госпитальде болып екінші дәрежелі  мүгедек деп танылып Қызыл әскер қатарына демобилизацияланды.

1944 – 1957 жылдары «Майқайыңалтын» комбинатының азық – түлікпен қамту бойынша қойма меңгерушісі қызметін атқарды.

Марапаттары. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі ; «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.