Кәкенов Шәкі

1910 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1994 жылдың 4 ақпанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз ауданы.

Әскери мамандығы. Автоматшы.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. 27-ші гвардиялық атқыштар полкі (Батыс майдан), 78-ші атқыштар полкі құрамында (1-ші Украин майданы) соғысқан. Смоленск, Воршава ққ. Польшаны азат етуге қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Куйбышев ауданы «Ақкөл» кеңшарының № 1, № 2, № 6 фермаларында басқарушы болып істеген.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны I степени; медальдар «За боевые заслуги», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медаль: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».