Көшімбеков Сләм

1911 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1976 жылдың 17 желтоқсанында қайтыс болған, Павлодар қ.

Әсери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 17 шілдесінде шақырылған. 314-ші атқыштар дивизиясының 1078-ші атқыштар полкі құрамында соғысқан. РКФСР Ленинград облысының Лодейное Поле қ. аумағындағы шайқастарға, Ново-Сегеж операциясына, Свирь аумағын қорғауға қатысқан. 1942 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар ауданы 14-я годовщина Октября, Кагоновчи ат. ұжымшарда төрағаның мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Павлодар ауданының «Комбайн», «Жетекші», «30 лет Казахской ССР» ұжымшарында төраға, Павлодар ауданының Жамбыл ат. ұжымшарда төраға, жылқы сату фермасында меңгеруші, Павлодар ұн тарату комбинатында (Павлодар облысы) таразышы, ауысым шебері болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».