Қабыкенов Оқан

1924 жылдың 15 қаңтарында туған. Павлодар облысының тумасы; 2005 жылдың 4 қарашасында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың к.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 ылы шақырылған, 538-ші атқыштар дивизиясы, авияциялық полк құрамында байланысшы ретінде соғысқан. Белоруссияны, Эстонияны, Чехославакияны, Польшаны, Прага, Краков қалаларын азат етуге, Берлинді алуға, Нейс өзеніне жаудың қорғанысын бұзып өтуге, Бреславль бекінісін жаулап алуға қатысқан. 1950 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. СУ-2 слесарь, «Иртышуглестрой» тресінің ізбес заводында шебер, «Майқайыңалтын» комбинатының өрт тобында сарбаз, милиция бөлімшесінде (Баянауыл ауданы Майқайың к) түрлі лауазымдарда,  Баянауыл ауданының кәсіби өрт сөндіру бөлімінде (Павлодар облысы) сарбаз болып істеген.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За освобождение Праги», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері», «За безупречную службу» І степени, «За безупречную службу» ІІ степени, «За безупречную службу» ІІІ степени; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60жыл», «60 год вызволения Рэспублікі Белорусь ад немецка-фашысцкіх захонікау»; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Отличник милиции».