Қадыров Салықбай

1922 жылдың 23 қыркүйегінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1981 жылдың 7 ақпанында қайтыс болған. Павлодар облысы Павлодар ауданы Заңғар а.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың ақпанында шақырылған. 54-ші атты әскер дивизиясының 83-ші атты әскер полкі құрамында соғысқан. Сталинград қ. (РКФСР) түбіндегі шайқастарға қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Карл Маркс ат. ұжымшары мектебінің мұғалімі, «Заңғар» кеңшарының запастағы бөлшектер қоймасында (Павлодар облысы Павлодар ауданы) меңгеруші болып істеген.

Марапаттары. Медаль: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».