Қалимов Бұзаубас

1907 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылы 28 шілдеде ЖШҚА-ға шақырылды. 100-і жеке атқыштар бригадасының құрамында атқыш ретінде соғысты. Жараланғанына байланысты әскерден қайтады.

Еңбек жолы. Аудандық байланыс кеңсесінің сүйемелдеушісі, қосалқы шаруашылық меңгерушісі, Абай атындағы Баянауыл балалар үйінің жұмысшысы, Баянауыл аудандық атқару комитетінің автожүргізушісі, атты-пошталық байланыстың бастығы, ішкі қызметтің пошташысы, Баянауыл ауданы (Павлодар облысы) жолқызметінің жол жұмысшысы болып еңбек атқарды.

Марапаттары. Медаль «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» мерейтойлық медальдар.