Қанафин Жағыпар

1925 жылы 9 мамырда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ а. тумасы; 2003 жылы 18 қаңтарда қайтыс болған.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы ақпанда шақырылған. 1-ші Белорус майданы 33-ші армияның 49-шы атқыштар дивизиясы 222-ші атқыштар полкі құрамында 1-ші минометтік ротаның оқтаушысы, атқыш ретінде соғысқан. Неман, Одер өзендерін ұрыспен кешіп өтуге, Варшаваны азат етуге, Берлинді шабуылдауға қатысқан. 1945 жылы желтоқсанда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Алексеев» кеңшарында, «Лекер» мал бордақылау пункітінде есепші, сатушы, дайындаушы болып істеген.

Марапаттары. Орден  Отечественной войны І степени; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги»,«За освобождение Воршавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі.