Қаңқышев Мұқан

1916 жылы 10 мамырда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол  а. тумасы; 1975 жылы желтоқсанда қайтыс болған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка а.

Әскери білімі. 52-ші армия жанындағы кіші лейтенанттар курсы (1945).

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы 11 қыркүйекте шақырылған. Батыс майданы 133-ші атқыштар дивизиясы 521-ші атқыштар полкі құрамында, 29-шы атқыштар полкі құрамында взвод командирі; Орталық майданның 69-шыгвардиялық атқыштар дивизиясы 237-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамында, 2-ші Украин майданы 138-ші атқыштар дивизиясы 650-ші атқыштар полкі құрамында рота старшинасы ретіндесоғысқан. 1946 жылы 23 мамырда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Алексеевский» кеңшарының шаруашылық меңгерушісі, Баянауыл аудандық тұтыну одағында сатушы, қойма меңгерушісі болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медаль: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»; белгісі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».