Қуатов Жылқыбай

1922 жылдың 10 қазанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Артиллерия училищесі (РКФСР Ачинск қ. 1942).

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына Далалық, Орталық майдандары әскерлері құрамында қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Лебяжі ауданы мектептерінде мұғалім, № 3 жұмысшы жастар мектебінде мұғалім болып істеген (Павлодар қ.).

Марапаттары. Отечественной войны І степени ордені.