Құспеков Смағұл

1917 жылдың 12 мамырында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1996 жылдың қарашасында қайтыс болған. Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери мамандығы. Барлаушы.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 17 шілдесінде шақырылған. 558-ші саперлік батальон құрамында, 184-ші  гвардиялық құрылыс полкі құрамында, 1076-шы атқыштар полкінің жеке шаңғы ротасы құрамында соғысқан (Ленинград, 1-ші Украин майданы).

Еңбек жолы. «Иртышуглестрой» тресі № 1 құрылыс басқармасында жұмысшы, темірдол салу жұмысшысы, жол учаскесі бригадирі, Екібастұз ст. жолдар бригадирі, № 6 жөндеу-құрылыс басқармасы бригадирі болып істеген (Павлодар облысы Екібастұз қ). Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы.

Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За оборону Ленинград», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдық»; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Шахтерская слава» ІІ степени.