Мансұров Қабыкен Мәнсұрұлы

1922 жылдың 13 қаңтарында туған, Павлодар облысының тумасы; 1991 жылы қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті.

Атағы. Кіші сержант.

Әскери білімі, мамандығы. Тамбов жаяу әскер училищесінің 3 айлық курсы, әуеден атқыш.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 15 қыркүйегінде шақырылған Оңтүстік майданы 130-шы атқыштар дивизиясының 371-ші атқыштар полкі құрамында оқтаушы ретінде; 796-шы әуежайлық қызмет көрсету батальонының қатардағы жауынгері ретінде, 3-ші Украина майданы 17-ші әуе армиясы құрамында 306-шы авияциялық шабуылдау дивизиясы 672-ші авиациялық шабуылдау полкінің әуеден атқыш ретінде шайқасқан. Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1947 жылдың 28 сәуірінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Майқайыңалтын» комбинаты Майқайың кенішінің табельшісі-нормалаушысы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» комбинатының бұрғылаушысы, жарғышы, газшысы, құрылымдық бөлімдер бөлімдерінің бастығы болып жұмыс істеген.

Марапаттары: Орден Отечественной войны ІІ степени; медальдар:  «Ветеран труда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы победы в Великой Отечественной войне».