Мақашев Ғалымжан Мақашұлы

1923 жылдың 5 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Алматы жаяу әскер училищесі.

Атағы. Гвардия аға сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. 7-ші гвардиялық жеке ауыр танк бригадасы құрамында 104-ші гвардиялық ауыр танк полкі барлау взводы командирінің көмекшісі, автоматшылардың моторландырылған батальоны танкке қарсы қарулар бөлімшесінің командирі, автоматшылар бөлімшесінің командирі ретінде (Волховск, Карельск, Ленинград, 1-ші Белоруссия, 3-ші Балтықбойы майдандары) шайқасқан. Польшаны, Нарвегияны, Финляндияны, Германияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Қазақстан К(б)П Павлодар қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Павлодар облыстық комитеті насихат және үгіт бөлімшесінің хатшысы, Павлодар облыстық дәріс бюросының директоры, Павлодар облыстық баспаханасының бастығы, Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газеті редакциясының әдеби қызметкері, кеңшарлар мен ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Куйбышев аудандық «Социалистический труд» газетінің редакторы, Куйбышев аудандық атқару комитеті ұйымдастыру тобының меңгерушісі (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Орден Славы ІІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За оборону Советского Заполярья», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель».