Медеуов Қапиз Жексембайұлы

1919 жылы 5 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған; 1993 жылы 25 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. 1939 жылы 10 қазанда ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 336-шы атқыштар полкінің құрамында қатысты. 1941 жылы 10 қарашда жараланғанына байланысты әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. «Майкинзолото» комбинатының есепшісі, аға есепшісі, бас бухгалтерінің  орынбасары, «Майкаинзолото» комбинатының кәсіподақ ұйымының бас бухгалтері, «Майкаинзолото» комбинатының автобазасының бас бухгалтері (Павлодар облысының Баянауыл ауданы) болып жұмыс істеді.