Мусин Мазан

1922 жылы 20 қаңтарда (1920) туған, Павлодар облысының тумасы.

Атағы. Кіші сержант.

Жауыгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы 1 қаңтарда шақырылған. 8-ші атқыштар дивизиясының 310-атқыштар полкінде атқыш ретінде; өздігінен жүретін СУ-76 зеңбірегінің оқтаушысы ретінде 1197-ші артиллериялық полктің құрамында, 240-атқыштар дивизиясының құрамында, 12-ші гврдиялық атқыштар дивизиясының 32-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында (Брянск, Волховский, Воронеж, 3-ші Украина майдандары) соғысқан. Белоруссияны, Германияны азат етуге қатысты. Кеңес-жапон соғысына қатысты. 1945 жылы желтоқсанда әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл аудандық қаржы бөлімінің бюджет есепшісі, салық инспекторы, Баянауыл аудандық собестің аға инспекторы, Қазақстан ЛКЖО Баянауыл аудандық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің үгітшісі, Баянауыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Баянауыл аудандық тұрмыстық комбинаттың директоры, Баянауыл ауданы азаматтық қорғанысты штабының бастығы болып жұмыс атқарды.

Марапаттары. Отечественной войны І степени ордені; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кёнигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. », «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл», Маршала Советского Союза Жукова Г.К,. « 60 років визволення Украіни від фашистських загарбників» мерейтойлық медальдар; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг» төсбелгісі.