Мұқашев Мүқден

1906 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Кіші командирлер курсы (РКФСР-дің Хабаровск қ. 1942).

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 113-ші жеке атқыштар бригадасының құрамында шайқасқан. 1944 жылы сырқатына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы, Павлодар аудандық қаржы, сауда бөлімдерінің меңгерушісі, Павлодар облыстық атқару комитеті сауда базасы директорының орынбасары, Галкин аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Медаль «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».