Нұрпейісов Нұрғали

1917 жылдың 15 шілдесінде туған, Ақмола облысы Сандықтау ауданының тумасы; 2000 жылдың 15 қазында қайтыс болған.

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 7 наурызында шақырылған (1943 жылдың 21 маусымы). 85-ші танк полкі құрамында старшина, 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 214-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамындағы 2-ші атқыштар батальоны 6-шы атқыштар ротасы взводы (3-ші Украин майданы) командирінің көмекшісі, 363-ші гвардиялық ауыр өздігінен жүретін артиллериялық полк құрамында автоматшылар ротасының автоматшысы ретінде соғысқан. 1945 жылдың 12 қазанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Ақмола облысы Балқаш ауданы Ленин атындағы мектепте бастауыш сынып мұгалімі, сонымен қатар Ақмола (Целиноград) облысының білім беру жүйесінде әр түрлі лауазымда; Павлодар құрылыс –жөндеу басқармасының Баянауыл учаскесінде шебер (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордендері; «За отвагу» (екі) медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары.