Нұрғалиев Таукен

1925 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Гвардия аға сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 12 қаңтарында шақырылған. 1-ші Украин майданы 8-ші армия 325-ші атқыштар дивизиясы 1096-шы атқыштар полкі құрамында автоматшы, атқыштар бөлімі командирі ретінде соғысқан. Украинаны, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданында салық инспекторы, дайындаушы болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны І степени; Отечественной войны II степени ордендері.