Нөгербеков Шалтай

1910 жылы туған, Павлодар уезінің Баянауыл болысы Кеңтас ауылы; 1997 жылдың 9 шілдесінде қайтыс болған. Павлодар облысының Павлодар ауданы ертұмсық ауылы.

Әскери атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 20 қазанында шақырылған. 212-ші медициналық-санитарлық батальонның, 51-ші армияның 822-ші жеке автомобиль батальонының құрамында, Оңтүстік –Батыс, Оңтүстік, 4-ші Украина, 1-ші Балтық бойы майдандары әскерлерінің құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың қазанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар сүт консервлері зауытының жүргізушісі, Карл Маркс атындағы ұжымшардың, «Ямышевский», «Шақат», «Заря» кеңшарларының автомеханигі, жүргізуші (Павлодар облысының Павлодар ауданы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени; медальдар «За отвагу», «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За победу над Японией».