Оспанбеков Тегінбай Оспанбекұлы

1925 жылдың 7-ші қарашасында туған, Баянауыл ауданының тумасы. 1996 жылы қайтыс болған, Екібастұз қ.

Әскери білімі. Мамандығы. Орлов жаяу әскер училищесі, 1943 ж атқыш.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға1943 жылдың 23 наурызында шақырылған. Әскерден 1945 жылдың 15-ші қазанында қайтарылған.

Еңбек  жолы. Павлодар облысы Железин ауданында бастауыш мектепте мұғалім, «Червоно-Украинский», «Үрлітүб» кеңшарында партия ұйымдарының хатшысы, Қазақстан КП Железин аудандық комитетінде нұсқаушы, Баянауыл ауданы «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Марапаттары.Орден: Отечественной войны IІ степени;медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»,  «За освоение целинных земель»;  мерейтойлық медальдар «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының Жеңісінің елу жылдығы»,  белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг».