Оспанов Төлеубай Оспанұлы

1925 жылы  15 қазанда туған, Павлоар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр  а. тумасы. 1994 жылдың 28 желтоқсанында Павлодар облысы Екібастұз ауданында қайтыс болды.

Әскери мамандығы. Мерген.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҰА-ға 1942 жылы желтоқсанда шақырылған. Жапониямен соғысқа қатысқан.

Еңбек жолы. Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитеті партиялық есебінің сектор меңгерушісі, тұрғын үй- коммуналдық бөлімінің инженері, «Иртышуглестрой» тресінің ағаш өңдеу комбинатының цехында ағаш ұсталық шебері, Екібастұз қалалық атқару комитетінің ұйымдастыру нұсқаушылық  бөлімінің меңгерушісі (Павлодар облысы Екібастұз қаласы), «Майкаинзолото» комбинатының кадрлар бөлімі инспекторы, басшының орынбасары, жұмыс және кадр бөлімінің арнайы және құпия жұмысы бойынша аға инспектор, Баянауыл өндірістік басқармасының партия ұйымы хатшысы «Комсомол» кеңшары бастауыш партия ұйымының хатшысы болып істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Орден:  Отечественной войны IІ степени; медальдар: «За победу над Японией», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освободние Кореи», «За освоение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».