Оспанов Қайдар

1914 жылы туған, Павлодар облысының тумасы, 1983 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың паселкесінде қайтыс болған.

Әскери білімі. Жүргізушілер курсы.

Атағы. Серант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. 1-ші Украин майданы 820-шы батальон құрамында соғысқан; Домбров өнеркәсіп ауданында қарсыластың қорғанысын бұзып өту шайқасына, Одер және Нойс өзендерінің сол жақ жағалауында немістердің қорғанысын бұзып өтуге, Берлинді шабуылдауға, Бреслау қамалын, Дрезден, Прага қалаларын азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден шақырылған.

Еңбек жолы. Жүргізуші, ауысым механигі, аға механик,  Павлоар облысы Баянауыл ауданы Майқайың пас. АТК аға көрші (вулканизатор) болып істеген.

Марапаттары. Медаль:  «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар «Двацать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»; медаль: «Еңбек ардагері».